04.04.2022
126
ДОСТЫҚ
Тентек едік екеуміз, бақытты едік содан да,
бір қайнап ек қиындық, тұрмыс атты қазанда.
Сен албырт ең,
мен жасып тұнып жүрмін, туысқан,
бір тай қазан су құсап қайнап-қайнап буы ұшқан.
Тентек едік екеуміз, бақытты едік,
содан ба,
еркеледік екеуміз шалғын құсап самалға.
Сен өттің ғой зырқырап майдан құсап болған бір,
оғы кеткен атылып мылтық құсап мен қалдым.
1969, 1982