04.04.2022
132
![](/uploads/shorttexts/author_image/94047c7aed51e724061677a49a921822-original.jpg)
ЖҮРЕ БЕРСЕҢ, ЖҮРЕ БЕРСЕҢ ДАЛАМЕН…
Жүре берсең, жүре берсең даламен,
алма бақ бар, шақырады ол ынтық қып.
Оһ, шіркін-ай, бір сайранды салар ең,
күзетшісі болмаса егер мылтықты.
Жүре берсең, жүре берсең даламен,
ару қыз бар, ынтықтырар ол да аса.
Оһ, шіркін-ай, бір жасанып қалар ең,
Жөтелі көп қарт шешесі болмаса.
1969, 1982