04.04.2022
  116


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ЖЫРЫМ ЖОҚ, СЕН АЙТҚАНДАЙ, МИ ҚАТЫРАР…

Жырым жоқ, сен айтқандай, ми қатырар,
табиғат жыр сый етсе – сыйға тұрам.
Кей мезгіл жүнжіп кетсем езді көріп,
бір қарап қайраттыға ширатылам.
Қөңлімде көрікті үннің «зираты» бар,
Шерткізсең домбыра әкеп күй – қатырам.
Мен тұрсам шындық болып сөзге тұрам,
мен тұрсам пікір болып миға тұрам.
Ән-жырдың қоймасы едім игі аты бар,
ой-дәрі, ұшқын-ыза тиді – атылар.
Қамал ем, жеңер болсаң – қайратпен жең,
қамал ем, алар болсаң – қиратып ал!
1969, 1982





Пікір жазу