04.04.2022
  90


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ЖАҚ АШПАЙМЫН БІР СӨЗДІ АЙТУ ҮШІН ОЙЛАНЫП…

Жақ ашпаймын бір сөзді айту үшін ойланып,
бір тал гүлді сындырмау үшін өтем айналып.
Ал, кей жігіт менімен кетісіп жүр бәрібір,
ал, кей жігіт менімен шекісіп жүр бәрібір.
Жүрмей қоям: ешкімнің түспеу үшін алдына,
жүріп кетсем талайды мен де артыма қалдырам.
Ал, кей жігіт менімен кетісіп жүр бәрібір,
ал, кей жігіт менімен шекісіп жүр бәрібір.
Даулайтынын жұрт менен даулап алсын дегенмен,
жаулайтынын жұрт менен жаулап алсын дегенмен,
тапсырмасам Пегасты бір пысыққа өлермен,
менің жәйім болмай жүр, достым, мына өлеңде.
1969





Пікір жазу