04.04.2022
  132


Автор: ДУЛАТБЕК КЕНЖЕБЕК

Бұл қазақтың

Бұл қазақтың көшінде, төсінде өлең!


 


Бұл қазақтың көшінде, төсінде өлең,


Таймас бағы тайса егер тосын дер ем.


Бұл даланың перзенті паң мінезді,


Жарлы боп жорғалыны кешірмеген.


 


Бұл қазақтың көшінде, төсінде өлең,


Еліріп ессіз кеткен есірмеген.


Қос қанаты сынбаған талай ғасыр,


Қос қапталдан соқса да қос іргеден.


 


Бұл қазақтың көшінде, төсінде өлең,


Қонышынан басқандар өсім жеген.


Абайды түсінбеген ағайындай,


Көреалмаушылық дерті өсірмеген.


 


Бұл қазақтың көшінде, төсінде өлең,


Дұшпан күліп, безді екен досым неден?


Алты алашқа бөлінген ағайынға,


Бас басына би болмай қосыл дер ем.


 


Бұл қазақтың көші де, өлеңі де,


Түзелмей бір келеді кемеліне.


Мұңмен зарын зарығып татып жүрмін,


Өлсем бәрі қалады керегі не?


 


Дулатбек Нұрланұлы





Пікір жазу