03.04.2022
  148


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

АСЫЛЫ БАР МЕНДЕ ОЙДЫҢ…

Асылы бар менде ойдың,
не деп айтам, кім деймін:
ән етуге келмейді,
күй шығара білмеймін.
Қыңыры бар менде ойдың
қалай айтам?
Күл мейлің:
сыр етуге келмейді,
сурет сала білмеймін.
Қалай айтам, айтам ба,
ойым ауыр бейне өлім.
Кей жолдарым қайқандап,
мертігіп тұр кей жолым.
Айтсам ой көп масқара,
көбігі жоқ,
ақ қағаздан басқаға
көбі — шын...
тіл қатпадым сол үшін.
1969, 1982





Пікір жазу