meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.04.2022
  187


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

АСПАН АШЫҚ…

Аспан ашық,
шүкір ғой,
қайғыдан ел құтылды.
Қара тастың
түтіндей
салмағы жоқ сықылды.
Қара шың да түйіліп
қарамайтын сықылды,
сараңдар да
тиынын
санамайтын сықылды.
Әттең күннің, санаулы
қысы бардай әлі де.
Көк мылтықтық анау бір
сұсы бардай әлі де...
1969, 1982





Пікір жазу