03.04.2022
91
БІРІ СӨЗІН, БІРІ ӨЗІН БЕРІЛЕ ӨҢДЕП…
Бірі сөзін, бірі өзін беріле өңдеп,
беттен ажар, өлеңнен жол үнемдеп,
ақындар мен арулар жүріп жатыр,
бірі – шебер, бірі – әсем көрінем деп.
Толып кетті дей көрме ақтабан-жыр,
солып кетті дей көрме мақтаған гүл.
Екеуі де қызыққыш,
қызылға үйір,
екеуі де сүйеді мақтағанды.
Беттен ажар, өлеңнен нәр таймасын
десең егер, үйретем жарты айласын:
екеуін де мақтай бер
десең егер
ақын өссін, арулар қартаймасын.
1969, 1982