03.04.2022
  113


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

БІР ӨЗІҢЕ ЕКІ ЖАҚТАН ҮЗДІГІП…

Бір өзіңе екі жақтан үздігіп,
екі жақтан сені ғана қыздырып,
жатушы едік арамызға сені алып,
бөлек төсек салдық саған біз бүгін.
Тіпті бөлек кететініңді ертеңгі
ойлағанда көкірегім өртенді.
Бүйіріме қадалып жүр бір шаншу, –
тұйығынан жел соғады көрпемнің.
Өстің енді, бөлек жаттың,
қарашы:
өсу, өсу, өсу деген шамасы,
осылайша алыстатады екен-ау
адамдар мен адамдардың арасын.
1969, 1982





Пікір жазу