03.04.2022
  106


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

БАРЛЫҚ ЖЕРДІ ҮЛГЕРЕР ЕМ ЖАСЫЛ ҒЫП…

Барлық жерді үлгерер ем жасыл ғып,
саған да бір жұмыс тұрсын демесем.
Табар едім жердегі бар асылды,
саған да бір жұмыс тұрсын демесем.
Арамдыққа қарар едім көндігіп,
ұлым менің адал болсын демесем.
Тауысар ем мына нанды мен бүгін,
қақ жартысы саған қалсын демесем.
1969





Пікір жазу