03.04.2022
790
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Бесік жыры
Әні: Ескендір Xасанғалиевтікі
Әлди, әлди, бөбегім,
Ақ бесікке бөледім.
Ай мен күнге теңедім,
Ақтарылған өлеңім.
Әлди, әлди, жанарым,
Мақтанышы ананың.
Әлпештеген қарағым,
Таза болсын жан арың.
Қайырмасы:
Әлди, әлди, арманым,
Қыран құстай самғағың.
Бесік жырын арнадым,
Әлди, әлди, әлди-ай!
Әлди, әлди, құндызым,
Аспандағы жұлдызым.
Жарқыраған күндізім,
Үміт артқан гүл-қызым.
Әлди, әлди, балапан,
Тербетеді жан апаң.
Аялайды алақан,
Аялайды ана – Отан.
Қайырмасы:
Әлди, әлди, арманым,
Қыран құстай самғағын.
Бесік жырын арнадым,
Әлди, әлди, әлди-ай!