03.04.2022
181
Ұмытшақ
Тапсырып бір жұмысты,
Жұмсай қалсаң бір жаққа,
Орындамай бұл істі,
Қайтады інім бір шақта.
Ақырындап алдымен
Сұрай қалсаң мәнісін,
Дейді:
«Ұмытып қалдым мен
Айтқаныңның бәрісін».
Уақтылы оянып,
Жуылмайды қолы да.
Жатпайды оған ұялып,
Ұмытады оны да.
Ұнатады оны кім,
Ұмытса ылғи сабағын.
Ал, бірақ та сол інім,
Ұмытпай жүр тамағын.