03.04.2022
  106


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ОЙ НЕТКЕН КӨП ЕДІ…

Ой неткен көп еді,
ой мен ой белдесіп,
ой айтам дегелі
маза жоқ менде осы.
Босаға бөстегің
меншік қып көп-көрім
бір күшік өскелі
балағым жоқ менің.
Тұрмысты, тірлікті,
аз өтіп, көп білген,
шыққалы бір мықты,
мықты боп кеттім мен.
Ешкімді жеңбедім,
жықпадым белдесіп:
ұлым, сен келгелі
бір ұл бар менде осы...
1969





Пікір жазу