02.04.2022
175
МЕНІҢ-ДАҒЫ ШАШЫМА ҚАЛЫПТЫ ҒОЙ АҚ КІРІП…
Менің-дағы шашыма қалыпты ғой ақ кіріп,
өрмекші жүр көзімнен айнала тор лақтырып.
Қарашы енді, маңдайым шұбырған көп жол болған,
кәріліктің аулына барад дейді ол жолдар.
Сол жолға мен түспес ем,
жөнім де жоқ асығар,
қыздар жәйлі жырларым әлі талай басылар,
әке болған кісілер ойлайды екен ел жайлы,
әке болған кісіге жас болуға болмайды.
1969, 1982