02.04.2022
123
ӘЛДЕ СЕНІҢ ТІЛІҢ БЕ, ЖЫРЫМ БА, ӘЛДЕ ҚЫЗДАР МА…
Әлде сенің тілің бе, жырым ба, әлде қыздар ма,
бір сұлулық түбінде ұрынады-ау ызғарға...
Үйретем деп саған тіл қара тер боп болмасқа,
сұлуларға жыр арнап «бүлінемін» мен қасқа.
Алатау ма, ән бе әлде, арманы ма ақынның,—
бір биіктік бәрінен биік өсер ақыр күн.
Әйтеуір бір сұлулық жанатұғын секілді,
әйтеуір бір биіктік қалатұғын секілді.
1969, 1982