02.04.2022
155
БЕЛОМОРДЫ ШИЫРЫП…
«Беломорды» шиырып,
тіп-тік ұстап иығын,
оқуға емес, фотоға түсетіндей киініп,
күліп қана қабағы – сөздің іздеп иінін,
жігіт бола қалады – ел баласы бұйығы.
Қойнындағы дәптерін жаза-жаза өлең ғып,
үйренеді содан соң сыраға ақша төлеуді.
Жо-жоқ, сынап жатқам жоқ, –
өзіміз де сол едік,
стипендия алғанда қалушы едік кенеліп.
Айырма тек: алғашқы жылдардағы ақын ұл,
келе-келе сыншы боп «заказ» алар ақырын.
Ақындық пен сыншылық – ақыл беріп қатырып,
мұғалім боп ауылға аттанады ақыры.
1967, 1982