02.04.2022
149
КӨЙЛЕК
Көйлек кір-кір,
қалайша
кірлеу емес – тозғаны
Шешем байғұс жамау сап,
алатын бір қозғалып.
Есімде жоқ қой менің,
етік қалай тесілді.
Есімде жоқ көйлегім,
тек жамауы есімде.
Өйткені ол баттиып
көз алдыңда қалатын:
қара жамап, ақ киіп –
үсті-басың ала-құла болатын.
Көйлек жуу... сергелдең –
жамаулардың өрнегі;
жуылғанын көргенмен,
жайылғанын көрмедім.
Қыстың мұзды суына
түспедің не, түстің не:
шылапшында жуылып,
кепсе көйлек үстіңде.
Көйлек тозғыш, қалайша
жамалғаны – тозғаны:
шешем тағы жамау сап
Қоятын бір қозғалып.
1967, 1982