02.04.2022
168
ЕРКЕСІҢ-АУ, ДОСЫМ СЕН…
Еркесің-ау, досым сен,
шүкір, күндеп
көрген жоқпын ешкімді ұтып жүр деп.
Түсе алмаған ғұмыры оқуымды,
асықпаймын, әрине, бітіргім кеп.
Рақатсың, досым сен,
Жүріс осы
Бос деп ұқсаң – бір мықтап кірісесің.
“Қайрат” жеңіп,
“не зачет” алған күні,
түк ойламай, тым құрыса бір ішесің!
1967, 1982