02.04.2022
192

Әңгіме
Күй бірде скрипкада күйіп, түлеп,
Айналып ақ көңілді сүйіпті үдеп.
Үзіліп кетіп ішек –
Аңыз айтады:
Ақаңның бір көзіне тиіпті деп.
«Бір басқа бір көз соған жарап қапты»
Тағдырды әрі айыптап, әрі ақтапты.
Бас жалғыз,
Жүрек жалғыз,
Көз де жалғыз –
Күйдегі Құнанбайға ел қарап қапты.
Жүріп ап отыз жасар адамдай тік,
Қосыпты күй сандыққа бабамды айтып.
Көп құлақ көп ауызға сене қалсаң –
Алмапты ол скрипканы содан қайтып.
Солай ма,
басқа ма әлде – біліпті кім,
Кім өлшепті аңыздың биіктігін.
Шығарады әйтеуір әр түрлі аңыз
мақтарда жұрт, өзінің сүйікті ұлын...
Жұмекен Нәжімеденов өлеңдері Жұмекен Нәжімеденов Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы Ахмет Жұбанов әңгіме