02.04.2022
159
ЖАҚСЫЛЫҚ КӨП МЫНА ӨМІРДЕ, ЖАС ЖІГІТ…
Жақсылық көп мына өмірде, жас жігіт,
Күдік айтып қанша саған керегі,
Кім – қолынан келмесе егер жақсылық,
Ол – өзгенің жақсылығын көреді.
Жақсылықты танымасаң – қорлық та,
Жақсылықтар сатылмайды сірә да;
Ең «Қайыршы» деген жан да сондықтан
Бір жақсылық еткісі кеп тұрады.
Ал, ізгілер жасамаса жақсылық
Ауырады, батқандай сын, ағайын.
Жауыздар да жасай алар жақсылық,
Бірақ одан сақ болғайсың, ағайын!
1967