02.04.2022
  110


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ДАЛА, ДАЛА, ДАЛА ҒОЙ ЖАТҚАН АСЫЛ…

Дала, дала, дала ғой жатқан асыл,
ала шықсақ бір жасап, боп қаласың;
самалына сағына төсіңді ашсаң,
дала құсап далиып мақтанасың.
Көзің бәрін көңліңе құяр бояп,
көргендерің кеудеңе сиярдай-ақ;
бір төбеге шығып ап,
бар даланы
менікі деп саласың ұялмай-ақ.
Қойны-қоншыңды аралап жиен-желі,
ойнаған боп ақырын тиер келіп;
қарт нағашы сықылды қауқыл қағып,
мәз боласың сен бәрін иемденіп...
Арқалай бер, арқала, жетер жүгің,
қайратты екен бойың да бекем, мығым;
үлкен күдік ойыңа салады-ау тек
өзіңнің кіп-кішкене екендігің.
1967





Пікір жазу