02.04.2022
125
ҚАЛАЙ ӨТСІН ӘЙТЕУІР БІР ӨТЕР КҮН…
Қалай өтсін әйтеуір бір өтер күн,
дала сені тіріде жыр етермін:
дәл бүгін сыңғыр қағып тұрған жоқ қой,
кескен кісен білегін Құрекеңнің.
Шындық қана кеудеме құйған дыбыс,
өтірікке ұста емен иландырғыш:
дәл бүгін жалаң қағып тұрған жоқ қой,
Махамбеттің желкесін киған қылыш.
Әркім де әлденені етеді арман,
әркім ойшыл кезінде жеке қалған:
бірақ әлі Қособа көлдерінде
жатқан сын-ды жол тосып Бекежандар.
1967