Рамазан – береке айы
Мақтамаңыздар! Жамандамаңыздар? Барлық мақтау мен мадақ Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
Әуелі сіз бен бізді қасиетті Рамазанға айдан аман, жылдан есен жеткізген Жаратушы Жаббар Иемізге шүкір айтамыз. Алла Елшісінің «Бізді Рамазанға аман-есен жеткізе гөр» деп дұға етуінде үлкен мән бар.
Береке айы
Расында, Рамазан – береке айы. Бұл айда мұсылман баласының ниеті мен амалы үйлесіп, жақсылыққа ұмтылады. Ізгі ғұламалардың бірі «Ережеп – желге, Шағбан – бұлтқа, Рамазан жаңбырға ұқсайды. Ережеп айында дән егілмесе, Шағбанда суарылмаса, Рамазанда қандай егін күтуге болады» деген екен. Сол айтпақшы, Рамазан – рухани азық жинайтын берекелі ай. Пенде ораза кезінде өзінде бар нығметтің берекесін сезінеді, қадіріне жетеді.