02.04.2022
234
Рамазан айы
Бар адамның айы едің қалаған,
Қайта солып,қайта гүлдер Рамазан.
Жұтым судың шын қадірін ұғынып,
Бәрі сені ұлық айға санаған.
Сен арқылы сауап жинап бар адам,
Өмірлері басталғандай жаңадан.
Жақсы амал,жақсы сөзге жол ашып,
Алыстайық,құтылайық күнәдан.
Заманбек Тілекқабыл