meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.04.2022
  215


Автор: Абдрахман Асылбек

Қасиетті кескін

Қашан да құрмет патшаға,
Көндіккен соған санамыз,
Суретін сәндеп саламыз
Теңгеге, яки ақшаға.
Газетке салса кескінді,
Ойландырмайды ешкімді.
Біреу бетін сүртеді,
Біреу етігін сүртеді.
Біреу түртіп таяқпен,
Таптайды біреу аяқпен.
* * *
Қасиет қайда, әй, әттең?...





Пікір жазу