02.04.2022
  208


Автор: Абдрахман Асылбек

Шапан

Алпысқа толып Алпысбай,
Жамылды шапан алпыстай.
Дос-жарандар баршылық,
Жасады, бірақ, таршылық:
Шапан деген күй бола ма?
Салынатын үй бола ма?
Марыдымды сый бола ма?
Одан да бір «Вольваны»,
Немесе бір «Волганы»
Сыйлағаны жөн еді,
Күткені де сол еді.
Амал не, Алтекеңнің бағасы да,
Елдің қазіргі шамасы да.
Өзге түгіл өз баласына
Күші жетпей қарасуға,
Қарап қалған жоқ па қара суға.
Алпысбай, алайда, айла тапты,
Шапаннан да пайда тапты:
Базарға апарып сатып жүрді,
Ақшаға белшеден батып жүрді.
Жиналған теңге олжа болды,
Көнелеу бір «Волга» болды.
Ол да болса көлік қой,
Аз да болса желік қой,
Алтекеңді енді көріп қой.
Осылайша тасынып жүр,
Жетпісін тойлауға асығып жүр.





Пікір жазу