02.04.2022
127
Өгіз
Жайылып жүрген жалғыз өгіз еді,
Өгіз еді – өзі де семіз еді.
Нарық деген мына бір қыспақ заман
Өгіз түгіл, өлексе жегізеді.
Жүрген өгіз жайылып жол шетінде,
Ауылдың бір алыстау ен шетінде.
Өгіз түгіл адамды аямайды,
Жеке-жарым оңашада келсе кім де.
Машинамен бір пенде қала жақтан
Сауда жасап ауылға бара жатқан.
Көрді-дағы өгізді алпамсадай,
Табан асты айрылды парасаттан.
Көтеруге өгізді күші қайда?
Көмектесер далада кісі қайда?
Қақты-дағы құлатты машинамен,
Адамдықпен айуанның ісі қайда?
Шықпай жатқан әлі де жаны бар-ды,
Аямады сол жауыз жануарды.
Қара саннан кесті де бір аяғын,
Атып ұрып қорапқа салып алды.