02.04.2022
  175


Автор: Абдрахман Асылбек

Мына заман

Мына заман – тамыр мен таныстікі,
Ауыс-түйіс, беріс пен алыстыкі.
Ер еңбегі еш болмас дегендері –
Тек әшейін сөз екен қалыстікі.
Мына заман – ағайын, туғандікі,
Жамағат пен жекжаттық қуғандікі.
Тура биде туған жоқ дегендері –
Тек әшейін сөз екен қулардікі.
Мына заман – ұры мен қарынікі,
Арқа сүйер адамы барынікі.
Тура жолдан таймайық дегендері –
Тек әшейін сөз екен бәрінікі.
Мына заман – арынан безгендікі,
Арамдық пен сұмдықты езгендікі.
Түбі жақсы болады дегендері –
Тек әшейін сөз екен ездердікі.





Пікір жазу