01.04.2022
279
![](/uploads/shorttexts/author_image/94047c7aed51e724061677a49a921822-original.jpg)
ҚАНША МАҚТА ТЕҢІЗДІ — ТОЛҚЫМАСА АМАЛ НЕ…
Қанша мақта теңізді — толқымаса амал не,
қанша мақта сөзіңді — балқымаса амал не,
ауға түскен ақсазан — бұлқымаса амал не.
Думан, думан дегенің — ас боп шықса амал не,
досым, досым дегенің — қас боп шықса амал не,
асыл, асыл дегенің— тас боп шықса амал не.
Бәріне де көнесің, амалың не, жақсылар,
көнсең мұның бәріне — көнбейтінің жоқ шығар?!
1969