01.04.2022
  118


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ЖАН КЕШПЕГЕН КӨЛ СҰЛУ…

Жан кешпеген көл сұлу,
жан баспаған қыр сұлу,
қайыршыға – бәлсіну,
қайраттыға – күрсіну;
қатыбасқа – нәресте,
қайрымдыға – арамза;
ашылған соң – бәрі ескі,
ашылған соң – бәрі арзан.
1967, 1982





Пікір жазу