01.04.2022
147
Ұқсастық
Түрлі-түрлі мақам бар
Келе жатқан баяғыдан.
«Шіриді, – деген мақал бар, –
Балық басынан,
Адам аяғынан».
Тайынбайтын тасыңнан,
Ақылы жоқ балық қой.
Сондықтан да басынан
Іритіні анық қой.
Байқап тұрсаң, адам да
Балықпенен барабар.
Барлық істі әманда
Басыменен бағалар.
Аяғынан шіриді
Деген ұғым теріс қой.
Адам бастан құриды,
Айта алмаса өрісті ой.