01.04.2022
  104


Автор: Абдрахман Асылбек

Қайта құрылған команда

Барлық жерде қызу іс жүріп жатыр:
«Қайта құрып» жатыр.
Футбол командасы «Жігердің»
Басшылары бірер күн
Ойланып та толғанып,
Мәселені қойды анық:
«Неге қарап тұрамыз?
Команданы біз де қайта құрамыз,
Сонда ғана алғы орынға шығамыз».
Қорғушы бесеу еді,
Екеу болды.
Шабуылшы екеу еді,
Бесеу болды.
Жартылай қорғаушылар –
Екі жақты да қолдаушылар
Деп есептеліп,
Кейінгілерге кезек келіп,
Бұрынғылар «запасқа» кетті,
Яғни, қапасқа кетті.
Бес-алты ойыншы сырттан алынып,
Осы дұрыс деп танылып,
Жаттықтырушы кейінгі.
Кіріп ойын ішіне,
Кетті ойыншы бейімді
Жаттықтыру ісіне...
Қақпашы шабуылға бой ұрды,
Шабуылшы қақпаға қойылды,
Бастамақ енді ойынды.
* * *
Қайта құру дегенді
Осылай ұққан табанда
«Жігер» атты команда,
Жақсы ма, әлде жаман ба,
Шықпақ енді алаңға,
Әділін айтсын ел енді.





Пікір жазу