01.04.2022
462

Бұқа мен бұзау
Мөңкіді бір күн ойнақтап Бұзау,
Демеді мынау жар менен құз-ау.
Шаншылып құйрық, көсіліп аяқ,
Барды да жүрген Бұқаға таяп:
– Қараңыз, аға, тұлғама менің,
Ойлаймын, сірә, емес деп тегін.
Сіздей боп алда өсем бе мен де?
Сол кезде Бұқа:
– Ой, тентек, сен бе?
Сүйегің осал, ерінің жұқа,
Боламын дейсің қалайша Бұқа?
Есірме текке, есалаң жарым,
Бәрібір маған жетпейді әлің, –
Деді де қатта Бұзауды сүзіп,
Жіберді қуып, күдерін үзіп.
* * *
Арада айлар, жылдар да өтті,
Жас Бұзау әбден кемелге жетті.
Бір күні Бұқа кезікті жолда,
Қалыпты байқап Бұзауды ол да.
Денесін көріп өзінен алып,
Сәлемін берді иіліп барып.