01.04.2022
295
Бала киік
Алай-түлей дауылда,
Көк түтеген жауында,
Бала Киік адасып,
Тап болды бір ауылға.
Көріп еді жалтақтап,
Баса ма деп бауырға;
Түйе тесіле қарады,
Есек есіре қарады.
Шошқа шошына қарады,
Бұқа басына қарады.
Бірі «бала екен» деді,
Екіншісі «шала екен» деді.
Үшіншісі тұрып:
«Кімі бар екен?» – деді.
Бірі нұқып қалды,
Бірі шұқып та алды.
Бала Киік мұндайда
Қорғанып бұғып қалды.
Бірақ, оған налымады,
Налығанда не қылады?
Билік соларда,
Таласып болар ма?
Күйінді, ашынды,
Тыйылды, басылды.
Жанды тек қинады,
Бұл жерге симады.
* * *
Болмаса қолдаушың,
Табылмас қорғаушың.