01.04.2022
  191


Автор: Абдрахман Асылбек

Аю бастық

Саялы бағанда,
Алтынды тағында
Аю бастық марқайып,
Отыр еді шалқайып.
Марал келді бір шақта:
– Кіруге рұқсат па?
– Бауырым, жай ма?
– Жай жүру қайда.
Келіп ем сізге,
Естіп бір сыбыс.
Турасын айтсам,
Іздеп жүрмін жұмыс.
– Диплом бар ма?
– Бар.
– Мамандығың ше?
– Ол да дәлме-дәл.
Отығып күнде мен,
Еңбегіммен күн көрем.
– Қарағым,
Дұрыс екен талабың.
Ал, өзің қайдансың?
– Оңтүстік жайданмын.
Аю басын шайқады,
Жерлесі емес екенін байқады.
– Біраз күннен соң келерсің,
Сонда сөйлесіп көрерсің, –
Деп бастық,
Жұмысты тас қып,
Шығарып салып еді бірді,
Артынша Түлкі кірді:
– Сәлеметсіз бе, ағай,
Халіңіз қалай?
– Рахмет, тәуір,
Ептеп жұмыс ауыр.
Өз жүрісің жай ма?
– Жай жүру қайда.
Келіп ем сізге,
Естіп бір сыбыс.
Турасын айтсам,
Іздеп жүрмін жұмыс.
– Диплом бар ма?
– Бар.
– Мамандығың ше?
– Ептеп келмей тұр дәлме-дәл.
– Ал, өнерің?
– Тілге шебермін.
Бірді-бірге шағыстыра да алам,
Табанда табыстыра да алам.
Бірақ...
– Бірақты қой, шырақ.,
Қайдансың?
– Сізге белгілі болар жай-мәнсім,
Мекенім – Терістік.
– Онда келістік
Отыр,
Анкетаңды толтыр!





Пікір жазу