01.04.2022
191
Шашылған шегелер
Біз Шегеміз, Шегеміз,
Шашыламыз неге біз?
Құрылыста ұсталар
Не істесе де көнеміз.
Тетіктерді бекітіп,
Көкке жетер төбеміз.
Ал, бұл жерде безеріп,
Текке жатыр демеңіз:
Басып өтсе машина,
Доңғалаққа енеміз.
Шоферлардың басына
Біраз бейнет береміз.
Сонда ғана серпіліп,
Сергіп қалар денеміз.
Жатсақ-тағы қайда біз,
Тимесе егер пайдамыз –
Зиянкестік айламыз.
* * *
Ей, жарандар,
Айналаға қараңдар.
Бейқамдықты тастаңдар,
Бізді текке шашпаңдар,
Дұрыс іске бастаңдар.