01.04.2022
  178


Автор: Абдрахман Асылбек

Суретші-дәрігер

Бір суретші ауысты дәрігер боп,
Сұрады сонда досы әбігер боп:
– Суретті не себептен тастадың? – деп,
Дәрігер жауап берді:
– Саспағын, – деп, –
Бояуды жаға алмасаң егер жөндеп,
Мініңді бірден табар көрермен көп.
Қатесін дәрігердің кім біледі? –
Бәрін де жер жасырып үлгіреді...


 





Пікір жазу