01.04.2022
113
Табиғат пен көз
Табиғат бір тұрған еді құлпырып:
Көкті тіреп таулары,
Жайқатылып баулары,
Бел-белесте гүл тұнып.
Бірде өзіне таңдана,
Былай деді паңдана:
«Мен болмасам тегінде,
Мына өмір өмір ме?
Тауларымнан сылдырап,
Ағып жатыр мың бұлақ,
Үйрек ұшып, қаздар қонаған көлімде.
Қысқасы, ғалам бұл,
Менсіз қараңғы».
Көз жалт етті,
Былайша саңқ етті:
«Таласпан, ерексің,
Бірақ та, баға беретін,
Көз болмаса көретін,
Сен кімге керексің?».
* * *
Көретұғын көз болмаса дұрыстап,
Табиғат – бір қуыс нақ.