01.04.2022
143
Қос көгершін
Көңілдері қуанышқа тола тым,
Жарасымды қос Көгершін болатын.
Жалғызілік кәрі кемпір үйінің
Терезесі алдына кеп қонатын.
Терезсін әжей тездеп ашатын,
Ашатын да, оларға жем шашатын.
Тастап кеткен ұл мен қызы келгендей,
Кемпір солай мауқын біраз басатын.
Әжей бүгін терезесін ашпады,
Ашпады да, жемін-дағы шашпады.
Қайда кеткен? Көрінбеді қамқоршы,
Күңгірт тартты Көгершіндер аспаны.
Үш күн болды қарындары ашқалы,
Әжей тіпті терезесін ашпады.
Бауыр басып қалған жерден кете алмай,
Көгершіндер талмаусырай бастады.
Жұбын жазбай келетұғын жиі ұшып,
Отыратын тұмсықтары түйісіп.
Көгершіндер терезенің алдында
Қатып қалды сол қалпында сүйісіп.
Әңгіменің алыс емес дәл шыны,
Жатқан жұмбақ әр адамның жан сыры.
Үш күн бұрын сексендегі сол кемпір
Аштан өлген болмай ешбір талшығы.