01.04.2022
  119


Автор: Абдрахман Асылбек

Күшік пен мойнақ

Қорада Мойнақ жақсы өмір сүрді,
Жан көрсе бөтен, арсылдап үрді.
Ісіне берік, кісіге сақ деп,
Басқа иттер оны мақтасып жүрді.
Тойып ап бір күн, шуақта Мойнақ
Қисайып еді жатуды ойлап.
Күшігі келіп бір сауал қойды,
Жүретін бұрын аулада ойнап:
– Отырмын келіп ниетпен ізгі,
Таластырды бір мәселе бізді.
«Төбет» деп біреу бас исе мақтап,
Неліктен біреу «Ит» дейді Сізді?
Сол кезде Мойнақ дауысын кенеп:
– Түсінсең, – деді, – мәнісі бөлек.
Жасырмай саған шынымды айтсам,
Мықтыға – итпін, әлсізге – төбет.





Пікір жазу