meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.04.2022
  312


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ЖІГІТ КЕТТІ ЖАРАЛЫ…

...Жігіт кетті жаралы –
кінә арттыңдар несіне:
әр қызға бір қадалып
қарайтыны несі деп.
Семья тозды
ішінен
жүр ол да өзін табалап..
көйлегі тозған кісілер
матадан көзін ала ма.
1967





Пікір жазу