01.04.2022
  137


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

МҰНАРЛАНСАҢ ШЫҢ ДЕЙДІ – ЕЛЕҢДЕЙДІ НЕ БІЛІП…

Мұнарлансаң шың дейді – елеңдейді не біліп,
құмарлансаң білмейді – терең дейді сені жұрт.
Теңізде емес, –
кемерде ақтара алмай жатқан жыр,
содан шығар өнерде мақтана алмай жатқаның.
Сені ұнатқан түсінер – терең деген бүгінгі,
көріп жатқан кісі жоқ іздеп келіп түбіңді.
Тереңмін дер едің-ау – судан ұят-ау жалған,
биікпін дер едің-ау – ұят екен таулардан.
1967, 1982





Пікір жазу