01.04.2022
  116


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

КІСІ БОЛСА КӨТЕРІЛЕР…

Кісі болса көтерілер,
биік деген жетеді:
альпинисте екі өмір бар,
екеуі де өтеді.
Біріншісі: шыңды барып,
құшу үшін кетеді.
Екіншісі: мың бұралып,
түсу үшін кетеді.
Әзіл сөзді көтеріңдер,
айтсақ егер түйілмей:
кей әкімде екі өмір бар,
екеуі де қиын ғой.
Біріншісі: жаңа орынға
бару үшін кетеді.
Екіншісі: сол орында
қалу үшін кетеді.
1967





Пікір жазу