01.04.2022
190
КӨҢІЛІМНЕН КЕТПЕДІҢ…
Көңілімнен кетпедің,
сенің көңілің мендей ме.
Өкпелегіш деп мені,
өкпеледің сен кейде.
Солай...
білсең түсіне,
пәлен екен деме енді.
Ренжітпейтін кісілер
ренжігіш келеді.
1967