01.04.2022
131
МЕН – ӨЗІМНЕН ӨЗГЕЛЕРДІҢ БАРЛЫҒЫН…
Мен – өзімнен өзгелердің барлығын
Құдай тұтам – құлшылығым жоқ бірақ.
Мен сыйлаймын жаманның да барлығын,
Жақсыларсыз – тіршілігім жоқ бірақ.
Мен – сыйлайтын ағаның
Кебісін де аяғыма ілмес ем,
Бірақ ондай аға қайдан табамын,
Өзім өмір іні бола білмесем.
Мен сыйлаймын иттің иттік кезін де,
бірақ одан қорықпаймын – қимаймын.
Мен сыйлаймын жағымпаздың өзін де,
бірақ оны... қорыққаннан сыйлаймын.
1965