01.04.2022
142
МЕКЕНІМЕ
Ей, мекенім, көркейе бер, өсе бер –
Көгер жапырақ, теңсел теңіз, көкте гүл;
Қайтесің сен қартайғанын шешелер,
аталардың дүниеден өткенін?!
Неғыласың: құлай берсін кәрі емен,
саған одан шыбық артық ендігі.
Ол да қурар, тағы да өсер, және өлер,
тағы да ұшар сары жапырақ жел күні.
Мен әлі де тірі келем – болғаны,
жата бер сен, сол тірлікке жылын да.
Мен не ойладым – шаруаң қанша ондағы,
саған оның бәрі бір ғой шынында.
1965