01.04.2022
  120


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ЕКІ САТУШЫ

Әйел ұстап тұрады көне кепка кейде бір,
жігіт сатып тұрады әйелінің көйлегін.
Кепка ұстаған –
Күйеуін еске ала ма күйіне,
көйлек сатқан жас жігіт неге қайтпайд үйіне!
Түрлеріне қарасаң – жұпыны емес секілді,
осы екі жан бірақ та бүтін емес секілді.
Күйеуі өлсе – кепкада исі қалай қалмады,
әйелі өлсе жігіттің – күні бар ғой алдағы?
Жас келіншек, кепканы сатпа,
апарып іліп қой,
кепка деген тұсыңда тұрса ілулі – үміт қой.
Күйеуіңмен кеште бір қайғырысқан шығарсың.
ішіп келіп «тентегің» – айырылсқан шығарсың.
Қайта ал, жігіт, көйлекті,
сен де апарып бөлек қой,
қосылсаңдар қайтадан – сатып алу керек қой?!
1965





Пікір жазу