01.04.2022
  109


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ҚЫРАН ҚОНҒАН

Қар да жұқпас .. түк жұқпас,
Дала – әппақ, ол – қара.
Қайсар шоқы, ынжық тас,
Қайғырмайды сонда да.
«Қыран қонған» деседі,
Қыран – тегін қонбайды.
Қыран қонған жерлерді
Сыйламаса болмайды
Қыран қонса – несі мін,
Ұшты ғой ол қайтадан.
Сонда шоқыны осы бір
Секілді ме шайқаған?
Қайсар қара тұр тұнып;
Қомданады ұшардай.
Әлде ұшам деп ұмтылып
Қалғандайын ұша алмай.
Ұмтылады ол алға –
«Қыран қонған» атануы содан ба?
Әлде қыран қонғанында ақырғы
Дәмелентіп кетті ме екен «пақырды»?..
1965





Пікір жазу