31.03.2022
  128


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

СӘБИ ТУДЫ– ӘДЕМІ АРБА ТАБЫЛДЫ…

Сәби туды– әдемі арба табылды,
тербетті күй жүректерді орныққан.
Күй дегенің – даңқ дейді кәдімгі,
Көбімізге түсініксіз сондықтан.
Өлді біреу – табыт беті жабылды,
сондағы күй қуатына болдық таң.
Күй дегенің – қайғы екен ғой кәдімгі,
біразымыз түсінеміз сондықтан.
Келін түсті – бір домбыра табылды
ойнатты күй көңілдерді орныққан.
Күй дегенің қуаныш қой кәдімгі,
бәрімізге түсінікті сондықтан.
1967





Пікір жазу