30.03.2022
  121


Автор: Абдрахман Асылбек

Толық тәртіп

Көрші үш совхоз маманы
Кеңес құрып мал жайлы,
Өздерінше бағалы
Ақтарды бар мән-жайды.
Бірі айтты:
– Не себеп?
Жұмбақ болып келеді:
Айналма деп емдесек,
Қой қотырдан өледі.
Екіншісі ойланып,
Деді:
– Бізде басқаша.
Қой айналмадан өледі,
Қотырды емдей бастасақ
Өзінше ырза тілге кеп,
Деді үшінші мал маман:
– Мұндай бәле мүлде жоқ,
Бізде тәртіп орнаған.
Кеселді дәл көрмесек,
Біздерге кім сенеді?
Қай аурудан емдесек,
Мал тап содан өледі.





Пікір жазу